Мұғалімнің креативтілігі- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың басты кілті

СПОРТ

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың
22-желтоқсан күні «Мұғалімнің креативтілігі- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың басты кілті»тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарды Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы”, техникалық және кәсіптік білім беру кафедрасының әдіскері Дайырбекова Гүлжан Палмахановна.
Семинар барысында Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне- өзі сенімді, интелектуалдық деңгейі биік, дүние танымы жоғары азамат етіп тәрбиелеу мақсатында оқытушылардың атқарып жатқан жұмыстары және өзіндік іс тәжірбиелері көрініс тапты.