“ӨНЕР” БӨЛІМІ

Өнер бөлімі – оқу орнымыздағы іргелі, ең үлкен бөлімдердің бірі. Бөлімде үш  мамандық бағытында дәрістер жүргізіліп, заман талабына сай ,бәсекеге қабілетті мамандар дайындалады.

       0403000 ««Әлеуметтік- мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» (бейін бойынша) мамандығы, 0403013 «Педагог- ұйымдастырушы» біліктілігі, 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», 1211032 «Тігінші» мамандығы, 1211062 «Арнайы тігінші» және 1211083 «Модельер- конструктор» біліктілігі, 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығы, 0108013 «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттер білім алуда. Қазіргі таңда 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының І курс студенттері дуальді оқыту жүйесінде білім алуға көшті.

Бұл мамандықтардың қайсысын  алып қарасаңыз да, қоғамға қажетті, нарық сұранысына ие мамандықтар. Оқу орнының әкімшілігі, педагогикалық ұжым  студенттердің талантын шыңдауға , білімін тереңдетуге, озық технологиялар арқылы ақпарат алуына және биік өнер сахналары мен көрмелерден, өнер фестивальдерінен көрінуіне барынша жағдай жасап келеді. Атап айтқанда,  республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауында «Аққу» би тобы І орын,  республикалық «Ғұмыр дария»  жасөспірімдер арасындағы  байқауға қатысып, МТБ17-9 тобының студенті Н.Аширбаев Бас жүлдеге, «Worldskills  Turkistan -2019» облыстық чемпионатында «Үздік сәнгер» дефиле байқауында ІІ орын, республикалық «Жеті өнер» балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауға МКБ18-9 тобының студенті А.Назарбаева қатысып І орын, республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауында «Вокал» жанры бойынша өнер көрсеткен МТБ19-9 тобының студенті Б.Тәліп Бас жүлделі  орындарға ие болып келеді. Оқу орнында заманауи технологиялармен жабдықталған тігін, ағаш шеберханаларында, би залдарында студенттер кәсіби дағдыларын шыңдайды, мамандықтың қыр-сырын меңгереді. Теориялық білімді өндірістік практикамен ұштастыру  мақсатында аудан көлеміндегі кәсіптік мекемелермен келісім шарт жасалған.

Өнер бөлімі