«Әр сөзі қазынадай, Ұлы ақын-абыз Абай» атты облыстық онлайн ғылыми- танымдық конференция

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2020 жылдың 28 қазан күні ZOOM бағдарламасында «Әр сөзі қазынадай, Ұлы ақын-абыз Абай» атты облыстық онлайн ғылыми- танымдық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны, жазушы,ағартушы, философ, реалист ақын, гуманист ақын, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай рухани мұрасын білім ғылымға ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу және болашақ ұрпаққа насихаттау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру. Конференцияға Түркістан облысының ТжКБ бөлімінің оқытушылары қатысты.

Конференция үш секция бойынша жүргізілді.

1.Абай мұрасын зерттеу және ХХ1 ғасырдың тіл білімі

2.Абай мұрасы және қазіргі қазақ әдебиеті дәстүр сабақтастығы және руханияты

3.Абай тағылымы-адами құндылықтар өлшемі

Түркістан облылысының адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталықтың ТЖКБ бөлімінің басшысы Н.Жунисова конференцияны ашып берді. Құттықтау сөзді колледж директордың уақытша міндетін атқарушы Аташов С.Қ. сөйледі. Конференцияны Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі З.Қ.Қожаев жүргізді.