«Құқық – әділет пен парасат жолы»

2021 жылдың 25 ақпанында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің №1 жатақхана тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Құқық – әділет пен парасат жолы» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жетібаева, әлеуметтік – педагог Ж.Балқыбекова және Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Муфтиллаев, полиция лейтенанты Н.Насырбаев қатысып, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлықты тудыратын әрекеттерді болдырмау бойынша еркін форматта сұхбаттасты. Кездесу соңы сұрақ – жауапқа ұласты.