«Қылмыс – ұсақ құқық бұзушылықтан басталады»

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің І курс студенттерімен 24.02.2021ж «Қылмыс – ұсақ құқық бұзушылықтан басталады» тақырыбында семинар- кеңес өтті. Семинарға Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Муфтиллаев, полиция майоры Е.Исабеков және полиция лейтенанты Р.Шаблан қатысып кәмелетке толмағандар арасында орын алуы ықтимал қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша еркін форматта сұхбаттасты.