Іс-шаралар

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт

 Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 29 – желтоқсанында  « Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт» тақырыбында  топаралық жаңа жылдық  қабырға газеттерінің сайысы  болып өтті.  Сайысқа оқу орнындағы барлық оқу топтары белсене катысты. Қазылар алқасының шешімен I орынды МБТ 20/1 тобы, II орын МКБ 21/9 тобы, III орын МДТ 21/9,  МТБ 18/9 топтары жеңіп алса, БА 21/1 тобы,  «Көркем үйлесімді жұмыс» ИБ 20/9 тобы, «Әсем орындалған жұмыс»  МБТ 18/ 9  тобы, «Ерекше талғамды жұмыс» МКБ 19/9 тобы, «Түстер сиқыры»  МДТ  21/1 тобы, «Шығармашылық көзқарас және бірегей шешім» номинацияларымен марапатталды. Барлық сайыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табыс етілді.

“Бағымыз да , барымыз да – Тәуелсіздік

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде 2021 жылдың 15 – желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне арналған “Бағымыз да , барымыз да – Тәуелсіздік” атты сазды бағдарлама болып өтті.

Салтанатты жиында сөз алған колледж директоры, п.ғ.к.  Л.Баймаханова колледж ұжымы мен студенттерін  тәуелсіздік күнімен құттықтап , ел мерейін тасытуға қосқан үлесі үшін ұжым қызметкерлерін, түрлі байқауларда жүлдегер атанған оқытушылар мен студенттерді марапаттады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, тәуелсіздік тақырыбындағы көріністер қойылып , отты жырлар оқылды, рухты әндер шырқалды.


Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік!

2021 жылдың  5  қазан күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледж  ұстаздары кәсіби мерекелерін атап өтті. Мереке күні таңнан шәкірттер ұстаздарын музыка әуенімен, гүл шоқтарымен күтіп алды. «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік!» тақырыбындағы мерекелік бағдарлама барысында оқу орнында еңбек еткен ардагер зейнеткер-ұстаздар және қазіргі таңда қызымет етіп жүрген ұстаздар туралы  видеоролик көрсетілді.

   Педагогика ғылымдарының кандидаты, колледж  директоры Л.А.Баймаханова  ұстаздарды мерекемен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген ұстаздар мен студенттерді марапаттады. Оқу орнының әр жылдардағы түлектері өмірде өз орнын табуға себепші болған ұстаздарына өз ризашылықтары мен ақ тілектерін арнап, онлайн құттықтауларын жолдады. Мерекелік кеште ұстаздар шәкірттерімен өнер көрсетті. Студенттер ұстаздарға деген жүрекжарды лебіздерін білдіріп, әннен, биден шашу шашып, алғыстарын білдірді.


Құқықтық сауаттылық – заман талабы

2021 жылдың 14 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ер балалармен семинар-кеңес өтті. Семинарды өткізудегі мақсат білім алушылардың құқықтық білімдерін және мәдениетін, жауапкершіліктерін арттыру. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Жетібаева шәкірттерге оқу орнының ішкі тәртіп ережесі, оның мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірді. Жастарды тәрбиелеу ісінде елеулі еңбек етіп жүрген Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты   Әбдіқадыр қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезіну, құқық бұзушылықтың зияндылығы мен қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Зорлық – зомбылықтың алдын алу, сақтану жолдары

2021 жылдың 13 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде кәмелет жасына  толмаған жасөспірім қыздар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Жетісай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ  аға инспекторы, полиция капитаны Ж.Х Шалбекова,  Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты  А.Д. Әбдіқадір қатысып, жастардың қоғамдық орындарда өзін ұстауы, қайырымдылық мәселелері туралы ойларын ортаға салды. Жанна Хамитқызы «Зорлық – зомбылықтың алдын алу, сақтану жолдары» тақырыбында баяндама оқыды. Кездесу соңы сұрақ-жауаппен қорытындыланды.


1- қыркүйек Білім күніне арналған “Білімді ел – мәңгілік ел” тақырыбында мерекелік салтанатты жиын өтті.

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжі Мырзашөл өңіріндегі жарты ғасырлық тарихы бар, киелі қара шаңырақ оқу орнында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 1- қыркүйек Білім күніне арналған “Білімді ел – мәңгілік ел” тақырыбында мерекелік салтанатты жиын өтті.


30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Сағынышпен күткен күн

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде   2021 жыл 6 мамыр  күні 7- мамыр Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңістің 76 жылдығы және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Сағынышпен күткен күн» тақырыбында мерекелік сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Іс- шара барысында Ұлы Отан соғысының басталуы, жауынгерлерің ерлігі,тылдағы елдің тіршілігі қойылымдар арқылы көрсетілді. Жеңіс күнін тойлау, Отан қорғаушыларға деген құрмет, Тәуелсіз еліміздің жетістіктері қойылымдар арқылы көрсетілді.


Отбасы – Отанымыздың ошағы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021ж.14.04. № 3-15-6/1403-И шығыс хатына сәйкес, 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы сағаты» республикалық акциясы аясында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Отбасы – Отанымыздың ошағы» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-жастарға отбасы ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ екенін ұғындыра отырып, рухани- адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталды. «Адал ұрпақ » клубының мүшелері отбасы күніне орай қаладағы үлгілі отбасыларына барып, мерекемен құттықтады.


Баланың бәрі бақытты болуы үшін жаралған!.. атты тәрбие сағаты

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі кітапханасында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні орай “Баланың бәрі бақытты болуы үшін жаралған!..” атты тәрбие сағаты өтті


Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер»

2021 жыл  4 маусым күні  Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде  жоспарға сай  «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер»  тақырыбында танымдық кеш өткізілді.  Кештің мақсаты  – студенттердің  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін  тереңдету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке,  халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.


Кітап болсын жан азығың…

Түркістан облысы адами әлеуетті  дамыту басқармасы   Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай  гуманитарлық-техникалық колледжі  кітапханасы  қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен  «Кітап болсын жан азығың…»  тақырыбында  кітап  көрмесі өткізілді. Оқытушылар мен студенттер көрмеде 2020-2021 оқу жылында кітапхана қорына келген    жаңа оқулықтармен танысып, жаңа басылымдар туралы пікір алмасты.


Бронх демікпесін алдын алу

Түркістан облысының Адами әлеуметті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінде 2021-жылдың 9-маусым күні колледж медбикесі Г. Ботабекованың ұйымдастыруымен «Бронх демікпесін алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Жетісай ауданы салауатты өмір салтын сақтау орталығының меңгерушісі К. Е. Жантуреева қатысты. Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын емдеу, шылым шегуден бас тарту , шынықтыратын емшараларды, мәдени тамақтануды сақтау қажеттілігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ІС ШАРАЛАР