“ФИЛОЛОГИЯ” БӨЛІМІ


Тасманова Жулдиз Джакипбековна
Лауазымдық қызметі : «Филология» бөлімінің меңгерушісі
Категориясы : Жоғары
Байланыс номері: 87015103335
zuldiz_86@mail.ru


Филология бөлімі 1995-1996 оқу жылынан бастап негізгі мектептерге қазақ тілі мен әдебиеті, 1999 жылынан орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мұғалімдерін даярлап келеді. Алғаш 1995 жылы филология бөлімінің меңгерушісі болып Ештаев Кеңес Абылұлы тағайындалды. Қазіргі таңда Филология бөлімін Тасманова Жулдиз Джакипбековна басқарып келеді.
Тасманова Жулдиз Джакипбековна – 14 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар, 2015-2018 оқу жылдары аралығында «Шетел тілдер» кафедрасы төрайымы қызметін атқарды. 2019 жылдың тамыз айынан бастап «Филология» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. «Жыл оқытушысы -2011» колледжішілік байқауының ІІ орын иегері. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында өткізілген «Үздік колледж оқытушысы-2019» облыстық байқауының І орын иегері.
2020 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мамандандырылған аккредиттеуден өтті.


2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай Үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Жаңа дәуірдегі-жаңа Қазақстан» атты облыстық олимпиадада өз білімін шыңдап , ІІ –ші орынды Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің «Филология» бөлімі студенттері иеленді.
2018 жылы Ауданда үш тіл қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау , қазақстандық патриотизмді нығайту , тілдік мәдениетті тәрбиелеу , өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру мақсатында өткізілген «Тілдарын- 2018» аудандық байқауында Филология бөлімі студенті Орынбасар Гүлбану ІІ орынды иеленді
2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ұлы дала жастары» республикалық олимпиадасында Филология бөлімі студенттері Исабекова Данагүл Ибадиллақызы, Жұмаділла Ботагөз Серікбайқызы, Тұрсынова Мунзила Журабайқызы , Асан Әлия Анарбайқызы , Баймаш Айнали Асқарқызы ІІІ орынды иеленді.
2019 жылы «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» тақырыбындағы әдістемелік онкүндік асында өткізілген колледжішілік «Үздік оқытушы- 2019» байқауында «Бас жүлдені» Филология бөлімінің оқытушысы Әлімбетова Салтанат Өмірзаққызы иеленді.
2020 жылы Техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасында өткізілген «Білікті маман-ұлағатты ұстаз» онлайн байқауында «Филология» бөлімінің оқытушысы Базарбаева Сәуле Әкімқызы І орынды иеленді
2020 жылы « USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми –әдістемелік ортағылы. Республикалық Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен студенттер арасында олимпиадасында Сапаралы Нұрайым ІІІ орынды иеленді
2020 жылы «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Менің сүйікті ұстазым» атты Республикалық эссе байқауына қатысып ІІ дәрежелі орынды Филология бөлімінің студенті Темірова Ардақ иеленді .
2021 жылы «Тілдер» кафедрасы «Жас маманның дамуының құралы-өзін-өзі тәрбиелеу» тақырыбында өткізілген «Үздік жас маман -2021» колледжішілік сайысында Бас жүлдені жеңіп алды.
2021 жылы Аудандық «Жетісай аруы -2021» сұлулық байқауында «Продюсер таңдауы» наминациясын филология бөлімі студенті Баймаш Айнали Асқарқызы иеленді.

Филология бөлімі қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен, ақпараттық-коммуникативтік техникаларымен және оқу –әдістемелік құралдармен, жоғары білімді, білікті мамандармен қамтамасыз етілген.
Филология бөлімі құрамына «Тілдер» кафедрасы кіреді. Тілдер кафедрасында 30 оқытушы жұмыс жасауда. Олар қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі және екі шет тілі пәнінің оқытушылары. Кафедрада елімізгі әйгілі ақын Қожаев Зікіра Қарасайұлы жұмыс жасайды.
«Тілдер» кафедрасын 2020 жылдан бастап «Шетел тілі: екі шетел тілі» бакалавры Садыкова Сауле Есімханқызы басқарады .

Филология бөлімі «Кәсіби білім беруде педагогикалық тәжірибенің озық үлгілерін пайдалана отырып, өзін-өзі дамытатын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, халықаралық стандарттарға негізделген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау» бағытында жұмыс атқарды.

Кәсіптік практика

Студенттердің педагогикалық практикасы, дипломалды практикасы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі КММ, Д.Қонаев атындағы №9 IT мектеп- лицейі КММ, «Алпамыс батыр атындағы №8 ЖОМ»КММ, Б.Момышұлы атындағы  №6 мектеп-гимназиясы , М.Горький атындағы №1 мектеп гимназиясында  өтеді. Филология бөлімінің көптеген бітірушілері осы білім ордаларында жұмыс жасайды

Біздің түлектер

Осы уақытқа дейін 1500-ден аса түлектер  0105000 – Бастауыш білім беру мамандығы, 010503 3 – Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігі , 0111000 – Негізгі орта білім беру мамандығы , 011102 3 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі біліктілігін алып еліміздің барлық аймақтарындағы  мектептерде, білім ордаларында еңбек етуде


Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің “Филология” бөлімінде ‪2 мамандық бойынша мамандар даярлауда.

  1. Мамандық: 0105000 – Бастауыш білім беру
    Біліктілік: 010503 3 – Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
  2. Мамандық: 0111000 – Негізгі орта білім беру
    Біліктілік: 011102 3 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қазіргі таңда 0105000 – Бастауыш білім беру мамандығы, 010503 3 – Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігі , 0111000 – Негізгі орта білім беру мамандығы , 011102 3 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі біліктілігі бойынша студенттер білім алуда.
Колледжде теориялық білім мен өндірістік практиканы өткізу мақсатында жалпы орта мектептерімен келісім шарт жасалған.
Нормативтік оқу мерзімі:
Негізгі орта білім базасы негізінде – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасы негізінде – 2 жыл 10 ай;
«Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» және «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандықтары еңбек нарығында сұранысқа ие.
Кәсіптік бағдар беру және мамандықтарды насихаттау мақсатында колледж сайты жұмыс жасайды.
Колледж сайты: www.getgumcoll.kz
Ақпараттандырудың тиімді жұмыс жасайтын механизмдері мынадай әлеуметтік желілерде қалыптасқан:
Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100042221349019
Instagram: https://instagram.com/getgumcoll?igshid=1lhm2giro0x3z
Youtube: https://youtu.be/sFscjLIoHmI