ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Мақсаты: ҚР Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасына негізделген бағыттарды іске асыра отырып, жастардың бойында толеранттылық құндылықтарын, белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

І. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары

1.1 Қоғамдық тәрбие
● Халықтық тәжірибе мен педагогика-психология ғылымдарының жетістігі негізінде студенттердің диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру;
● жеке тұлғаның ізгілікті қасиеттерін дамыту;
● жастарға егемендік, бостандық, демократия ұғымдарының мәнін ұғындыру;
● әрбі жастың санасына – адам өміріндегі еңбектің рөлін, шығармашылық жұмыстың қажеттілігін жете түсіндіру;
● саяси-сауат ашуға, әлеуметтік, экономикалық мәселелерге арналған саяси-хабарлар, сағаттар, кештер ұйымдастыру;
● ішкі істер, заң әділет, сот мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер, диспут, пікір алысулар, т.б. іс-шаралар ұйымдастыру;
● саяси-қоғамдық, т.б. заңдарды оқып-үйренуге.

1.2 Адамгершілік-рухани тәрбие
● Жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
● саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани дағдылар мен байлықтарды бойға сіңіру, құндылықтарды қалыптастыру;
● ұлттық мәдениетке – саналы көзқарасты қалыптастыру;
● студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматы, болашақ маман, келешек отау иесі ретінде тұлғалық моделін жасау, қалыптастыру;
● дінге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру;
● халық тарихын, ұлттық дәстүрін, тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді қалыптастырып қазақ театрына бару, ұлттық өнермен сусындау тәлімін беру жолындағы шараларды ұйымдастыру;
● үздік өнер туындылары, қолөнер шебері, үздік фотомерген және өнертапқыш сияқты көрмелер ұйымдастыру;
● психология кеңесін ұйымдастыру.

1.3 Салауатты өмір салты
● Техникалық және кәсіптік оқу орнында дене-тәрбиесі пәнін жетілдіру, жаңа әдіс-тәсіл, формаларын ойластыру, оларды нақты іс-жүзіне ендіру;
● әртүрлі спорт түрлерін дамыта отырып (ұлттық спорттық ойын түрлерімен қоса), үйірмелер құру, спорт жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру;
● ұлттық спорт және ойын түрлерімен таныстыру, оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру, элементтерін үйрету;
● серуен, саяхаттар ұйымдастыру, туризмді дамыту;
● салауатты өмір сүруге даярлау мақсатында әртүрлі формада тәлім-тәрбиелік іс-шаралар өткізу;
● тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі – маскүнемдікке, нашақорлыққа жол бермеуге арналған іс-шаралардың кешенді түрде жүргізу.

1.4 Эстетикалық тәрбие
● Студенттердің нәр-бойында эстетикалық талғам, көзқарас сезімдерін қалыптастыру;
● парасатты өзіне жолдас, дос таңдай білу;
● әсемдікті көре, түсіне, жасай білуге, талғампаздыққа үйрету;
● өнер, табиғат, еңбек, өмір саласындағы ең жақсыны ажырата білуге үйрету;
● әуесқой шығармашылық үйірмелері мен бірлестіктерін құру, олардың жүйелі, нәтижелі жұмыс істеуіне жағдайлар жасау;
● мәдени-мұра атауын жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік, рухани, құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;
● медициналық-профилактикалық жұмыстар жүйесін енгізу;
● әр-түрлі жұқпалы аурулардан алдын ала студенттерді өзін-өзі сақтандыруға тәрбиелеу.

1.5 Экологиялық тәрбие
● Халқымыздың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын, бір тал кессең, он тал ек», – деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, қоршаған ортаны табиғатқа – деген құрмет пен сүйіспеншілікті ояту, табиғатты аялау, күтуді үйрету;
● жер бетіндегі халықтар тағдырының ортақ екендігін, табиғат пен адамның өзара-байланыста екендігін, осының негізінде табиғатты, табиғи ресурстарды қорғауға дағдылану қажеттігін ұғындыру;
● экологиялық білім беру және насихаттау.
1.6 Ұлттық-рухани және патриоттық тәрбие
● «Сегіз қырлы, бір сырлы», егеменді елдің азаматын тәрбиелеу;
● ұлттық мәдениетті, әдепті жастар арасында қалыптастыру;
● бойжеткен, боз-бала тәрбиесіндегі ерекшеліктердің негізінде тәрбиелік-мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру;
● ұлттың тарихын, әдебиетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына тартып үйренуге тәрбиелеу;
● ұрпаққа отандық ерліктің өшпес үлгілерін қалдырған батырлары мен Алаштың арыстарының, ұлт зиялыларының өмір өнегесімен таныстыру;
● өз отанын, жерін, елін қорғай алатын ел жанды, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;
● «Ер намысы», «Жігіт сұлтаны» – деген тақырыптарда конкурстар, байқаулар өткізу;
● дінтану аясында тәрбиелік мәні бар, іс-шаралар ұйымдастыру.

1.7 Құқықтық тәрбие
● Мемлекет заңдарын білу және оған сый-құрметпен қарау;
● Қазақстан Республикасының Конституциясын;
● Құқық қорғау органдарының тұжырымдары мен заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіруге;
● Азаматтық жауапкершілікті күшейту;
● Заң, сот, полиция, прокуратура өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру.


Жамбыл Жабаевтың  175 жылдығына, Әлихан Бөкейхановтың  155 жылдығына,  Қажымұқан  Мұңайтпасовтың  150 жылдығына және Семей ядролық полигоны жабылуының  30 жылдығына орай  өткізілетін   іс – шаралар

                                                             

Іс-шараларМерзіміОрындауға жауапты  
1.«Даналар жылы, даралар жылы елімде» тақырыбында көрме ұйымдастыру (Ж. Жабаевтың 175 жылдығы, Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығы, Қ.Мұңайтпасовтың  150 жылдығына арналады )  наурызКолледж кітапханашылары
2.Алаш қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына орай  «Алаштың ардақтысы» тақырыбында деректі фильм көрсетунаурызЖастар ұйымының инспекторы, кураторлар  
3.«Ә.Бөкейханов –  ұлы тұлға» тақырыбында  дөңгелек  үстел өткізусәуірІ курс    топ кураторлары
4.«Халқы үшін жаралған ұлы  тұлға» тақырыбында   Ә.Бөкейхановтың өмірі мен еңбегіне арналған  ғылыми – танымдық сағатын  өткізусәуір«Қоғамдық ғылым негіздері» кафедрасы
5.«Күш атасы – Қажымұқан» тақырыбында  қазақ күресінен  студенттер арасында  колледжішілік біріншілік ұйымдастырусәуірДене тәрбиесінің жетекшісі  
6.Қазақ  халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан  Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған  «Тұңғыш қазақ алыбы» тақырыбында  ғылыми – танымдық сағатын өткізу мамыр«Дене тәрбиесі» кафедрасы
7.«Қажымұқан – тұңғыш кәсіпқой балуан» тақырыбында  эссе байқауымамыр      Колледж әдіскерлері
8.Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арнап «Жүз жасаған бәйтерек » тақырыбында  деректі фильм көрсетумамырЖастар ұйымының инспекторы
9.«Өлең сөздің  дүлдүлі – Жамбыл бабам» тақырыбында  Жамбыл оқуларын өткізумамыр«Тілдер» кафедрасы
10.Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына  байланысты «Семей полигоны туралы не білесің?» тақырыбында дөңгелек  үстелмаусым«Математика және физика» кафедрасы
11.«Семей полигоны – Қазақстанның ядролық қасіреті» тақырыбында  І курс студенттері арасында  эссе жазу байқауымаусымКолледж әдіскерлері

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде
2020 – 2021 оқу жылында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу
мақсатында өткізілетін іс – шаралар

Іс-шараларОрындалу мерзіміОрындауға жауапты  
1.Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі  іс-шаралар жоспарын жасап, бекіту.тамызДиректордың ТІЖ орынбасары
2.Студенттер және олардың ата – аналарына колледждің ішкі тәртіп ережесін кеңінен түсіндіру мақсатында  Zoom платформасында онлайн жиналыс өткізу.қыркүйекЖастар ұйымының төрайымы, педагог – психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
3.Онлайн  сұхбаттасу , психологиялық жұмыстар жүргізу арқылы бұзақылыққа бейім, әлеуметтік жағдайы төмен студенттерді анықтау.қыркүйекЖастар ұйымының төрайымы, педагог – психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
4.Жастарды діни экстремизм, терроризм әрекеттерінен сақтандыру, алдын алу мақсатында теолог мамандармен,ҰҚК , дін,құқық қорғау орган -дары қызметкерлерімен  онлайн  кездесу, дөңгелек үстел, семинарлар  ұйымдастыру.жыл бойындаЖастар ұйымының төрайымы, педагог – психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
5.АТТ мүшелерімен  онлайн кездесу, дөңгелек  үстел, дәрістер ұйымдастыру.жыл бойындаАТТ мүшелері Жастар ұйымының төрайымы, педагог – психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
6.Аудандық, қалалық ардагерлер, аналар кеңесі мүшелерімен  онлайн кездесулер ұйымдастыру.жыл бойындаЖастар ұйымының төрайымы, педагог – психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
7.Жетісай  АІІБ басқармасына қарасты арнайы қабылдау, қабылдап тарату бөлімдеріне, уақытша ұстау изолятрына  онлайн саяхат ұйымдастыру.жыл бойындаЖастар ұйымының Жастар ұйымының төрайымы, педагог – психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
8.Жетісай  АІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімінде, колледжішілік есепте тұратын  студенттермен онлайн коррекциялық-түзету жұмыстарын  жүргізу.жыл бойындаЖастар ұйымының төрайымы, педагог – психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
9.Ұлтаралық  татулық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында онлайн  іс – шаралар ұйымдастыру.жыл бойындаЖастар ұйымының төрайымы, педагог – психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
2015-2025 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру бағытындағы
2017 жылы атқарылатын іс – шаралар

    Іс-шаралар  Орындалу мерзімі    Орындауға жауапты  
1.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру мақсатындағы  іс –шаралар жоспарын жасау, бекіту.  ҚаңтарДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2.18.11.2015ж.№410V ҚР«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңын І – курс студенттеріне, жаңадан қабылданған  қызметкерлерге таныстыру.  ҚаңтарКолледж әкімшілігі, колледж заңгері,  
3.Тиісті мемлекеттік органдардың байланыс телефондарын көрсете отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық стендті толықтыру.  Оқу жылы барысындаКолледж әкімшілігі, колледж заңгері
4.«Сыбайлас жемқорлықпен күрес –ортақ парызымыз», «Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық дерт», «Сыбайластыққа жол жоқ!» тақырыптарында іс – шаралар өткізу (дөңгелек үстел, пікірсайыс, флэщ – моб).  Оқу жылы барысындаБөлім меңгерушілері, жастар ұйымының төрайымы  
5.Колледж студенттерінің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын  қалыптастыру жөнінде құқықтық дәрістер өткізу.  Оқу жылы барысындаБөлім меңгерушілері,  топ кураторлары
6.Оқу үрдісін  ұйымдастыру барысында (емтихан кезінде) сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу (әңгімелесу, сауалнама жүргізу).  Оқу жылы      барысындаДиректордың оқу ісі,    тәрбие ісі жөніндегі          орынбасарлары
7.Құқық қорғау органдары, басқа да құзырлы  мекеме қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру.  Оқу жылы барысындаДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушілері, жастар ұйымының төрайымы
8.Сыбайлас жемқорлыққа ыңғай танытатын қатер факторларын анықтау ( студенттердің сабаққа үлгермеу себептерін талдау, оқу құжаттарының дұрыс рәсімделуін тексеру)  Оқу жылы барысындаДиректордың оқу ісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бөлім меңгерушілері
9.«Сенім жәшігіне» түскен мәселелер бойынша талдау жұмыстарын жалғастыру.  Үш айда бір ретКомиссия мүшелері
10.Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу жөніндегі іс – шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылау, жылдық жұмыс жоспарын дайындау.  ЖелтоқсанДиректордын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары