ТАЛАПКЕРЛЕР

«Өнер» бөлімінде үш мамандық бағытында дәрістер жүргізіліп, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті мамандар дайындалады.
1965 жылы іргетасы қаланған оқу орнында алғашқы күндерден бастап-ақ шәкірттерге музыка сауаты және ән айту сабақтарымен қатар домбыра, фортепиано кластарынан жеке сабақтар жүргізілген. 1969 жылы білім ордасы музыка өнеріне сусындаған талапкерлерге есігін айқара ашты, яғни «Музыкалық тәрбие» мамандығы ашылып, 2 топқа 60 оқушы қабылданған.
Қазіргі таңда «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша күндізгі нысанда 62 студент білім алуда.
2007 жылдан бастап алғаш рет «Әлеуметтік мәдени қызмет және халықтық көркемөнер шығармашылығы» мамандығы ашылып, 20 талапкер қабылданды. Қазіргі таңда бұл мамандық бойынша күндізгі нысанда 78 студент білім алып жатыр.
1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы 2011 жылы ашылып, 25 студент қабылданды . Мамандық бойынша күндізгі нысанда 72 студент білім алып жатыр.
Студенттердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына барлық жағдайлар қарастырылған. № 2 жатақхананың 1,2 қабаттары оқу кабинеттері мамандықтарға сай жабдықталған 4 тігін цехы, 2 би сыныбы, костюмдер сақтайтын бөлме, киім ауыстыратын (гардероб) 4 бөлме, 2 грим класы, мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру пәнінен – 2 оқу кабинеті, «Киімді үлгілеу және көркемдеп безендіру, «Киімді құрастыру (конструкциялау)» пәнінен оқу кабинеттері, музыка сыныбы, жеке сабақтарға арналған оқу кабинеттері, музыкалық аспаптар лабораториясы бар.
Бұл мамандықтардың қайсысын алып қарасаңыз да, қоғамға қажетті, нарық сұранысына ие мамандықтар. Оқу орнының әкімшілігі, педагогикалық ұжым студенттердің талантын шыңдауға, білімін тереңдетуге, озық технологиялар арқылы ақпарат алуына және биік өнер сахналары мен көрмелерден, өнер фестивальдерінен көрінуіне барынша жағдай жасап келеді. Атап айтқанда, республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауында «Аққу» би тобы І орын, республикалық «Ғұмыр дария» жасөспірімдер арасындағы байқауға қатысып, МТБ17-9 тобының студенті Н.Аширбаев Бас жүлдеге, «Worldskills Turkistan – 2019» облыстық чемпионатында «Үздік сәнгер» дефиле байқауында ІІ орын, республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауында «Вокал» жанры бойынша өнер көрсеткен МТБ19-9 тобының студенті Б.Тәліп Бас жүлдені, республикалық «Жеті өнер» балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауға МКБ18-9 тобының студенті А.Назарбаева қатысып жүлделі І орындарға ие болып келеді.
Бүгінгі күнде колледжді бітірген түлектеріміз облысымыздың көптеген аудандарында, республикамыздың басқа да облыстарында өз салалары бойынша аянбай еңбек етуде.