ТАЛАПКЕРЛЕР

Бәсекеге қабілетті сапалы маман даярлау. Білім – қоғамды әлеуметтік – мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз етіп, болашақтың бүгінгідей нұрлы болуы мен адамзат қоғамының іргелі дамуына үлес қосатын жоғары құндылық. Ол қай елдің болсын, өсіп- өркендеуі мен ұлттық білім жүйесінің деңгейіне әсер ететін негізгі үрдіс. Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай Гуманитарлық- Техникалық колледжі де қазіргі таңда бәсекеге қабілетті, үдемелі өзгерістер жағдайына тез бейімделуге дайын, өзін- өзі дамыта алатын, өз бетінше шешім қабылдай білетін қабілетті, кәсіби біліктілігі жоғары маман дайындаудағы қоғам алдындағы міндетін атқарып келеді. Біздің бұл – шәкірт тәрбиелеудегі қағидамыз білім мен дағдыны үздіксіз кеңейтіп, студенттің өз бетінше білім алуы мен өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыратыны сөзсіз.