ТАЛАПКЕРЛЕР

Мамандыққа жалпы сипаттама
Мамандығы: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»
Біліктілігі: 0103023 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі»
Оқыту мерзімі:
• Оқу күндізгі бөлімде мемлекеттік тілде жоспарлы негізде мамандық дайындайды.
• Негізгі орта білім базасында (9 сынып) – 3 жыл 10 ай
• Жалпы орта білім базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай
Тәжірибеден өту орындары:

  • №5 А Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі
  • № 6 Б. Момышұлы атындағы мектеп гимназиясы.
  • № 8. Алпамыс батыр атындағы жалпы орта мектебі
  • № 9 Д. А. Қонаев атындағы ІТ мектеп лицейі
  • № 1 Жетісай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

Түлектердің қызмет ететін саласы: Жалпы білім беру мекемелері (мектептер, лицейлер, гимназиялар және т.б.)
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, және ЖОО білімдерін жалғастыра алады.
Алғашқы 1965 жылдың 7-шілдедегі № 416 қаулыға сәйкес «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша 120 студент қабылданып, 0103023 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша маман дайындап келеді.
«Спорт» бөлімі 2017 – 2018 оқу жылы құрылып, бөлім меңгерушусі болып Ташкенбаев Өнербай Мәуленұлы тағайындалы. Қазіргі таңда «Спорт» бөлімін Нұрымбетов Бейсенбек Әділбекұлы басқарып келеді