«Сыбайлас жемқорлық- қоғамдық дерт»

2021 жылдың 26 ақпан күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы 

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Біз  сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Студенттердің қатысуымен өткен іс-шарада сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу шаралары кең түсіндірілді. Өз кезегінде білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы екенін қойылымдар арқылы көрсетті. Ұйымдастырылған дөңгелек үстелге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жетібаева, жастар ұйымының инспекторы, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Абишева, әлеуметтік – ұстаз, «Парасаттылық»  мектебінің жетекшісі Ж.Балқыбекова қатысып, өз ойларын ортаға салды.