“СПОРТ” БӨЛІМІ

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 0103023  «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттер білім алуда. Соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы мамандарына сұраныс артуына байланысты қазіргі таңда, ол еңбек нарығында қажет мамандық.

 «Спорт» бөлімінде тәлім алып жатқан студенттер арасында түрлі жарыстар мен чемпионаттардың жеңімпаздары болуы – біздің мақтанышымыз.

Қазіргі таңда оқу орнында спорттың волейбол, футбол, баскетбол, қазақ күресі, ұлттық ойындар, шахмат, дойбы ойындарынан  үйірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Ұстаздардың нәтижелі еңбегінің арқасында спортшы-шәкірттеріміз тек колледж, аудан көлеміндегі жарыстарда ғана емес, облыс, республика және халықаралық жарысты додаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.