Семинар 2019-2020жылы

«Бағдарламалау-қазіргі заманның IT технологиялары дамуының негіздері»

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2020 жылдың 26 ақпан күні

-Ақпараттық –коммуникативтік технологияларды жете білетін, талантты креативті студентті анықтау.

-студенттердің теориялық білімін,тәжірбиелік шеберлігін тереңдету

-жеке тұлғаның өзін-өзі дамуына ықпал ету мақсатында «Бағдарламалау-қазіргі заманның IT технологиялары дамуының негіздері» тақырыбында студенттер арасында облыстық олимпиада өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша

1 орын – Төре Алишер Нурмаханулы «Болашақ»жоғары колледжі

2 орын- Полат Кунсұлу «Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі»

3 орын- Алишеров Додожон «Арыстанбаб» жоғары колледжі

«Үздік бағдарламашы» номинациясын Азатов Бексұлтан Құдайбергенұлы «Түркістан көпсалалы техникалық колледжі»

«Ізденімпаз бағдарламашы» номинациясын Мақұлбек Нұрболат «Мирас»колледжі иеленді.

Жеңімпаздарды ТжКБ бөлімінің әдіскері Н.Жунисова марапаттап, студенттерге шығармашылық табыстар тілеп, өз ризашылығын білдірді.