ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ

«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Абишеваның ұйымдастырумен 23.02.2021ж студент жастар арсында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық- қоғамдық дерт» тақырыбында оффлайн және онлайн форматта кездесу өтті. Колледж заңгері А.Бейсенова тақырыпқа байланысты баяндама жасады. Кездесуге қатысқан Жетісай аудандық Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің басшысы Н.С.Мутаев, кеңсе қызметкері Б.Ергашев студенттермен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап берді


Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің І курс студенттерімен 24.02.2021ж «Қылмыс – ұсақ құқық бұзушылықтан басталады» тақырыбында семинар- кеңес өтті. Семинарға Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Муфтиллаев, полиция майоры Е.Исабеков және полиция лейтенанты Р.Шаблан қатысып кәмелетке толмағандар арасында орын алуы ықтимал қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша еркін форматта сұхбаттасты.


2021 жылдың 26 ақпан күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Біз  сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Студенттердің қатысуымен өткен іс-шарада сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу шаралары кең түсіндірілді. Өз кезегінде білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы екенін қойылымдар арқылы көрсетті. Ұйымдастырылған дөңгелек үстелге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жетібаева, жастар ұйымының инспекторы, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Абишева, әлеуметтік – ұстаз, «Парасаттылық»  мектебінің жетекшісі Ж.Балқыбекова қатысып, өз ойларын ортаға салды.



Жемқорлыққа жол жоқ!

2021 жылдың 20 сәуір күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде жоспарға сай «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге колледж заңгері, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Абишева, «Парасаттылық мектебінің» жетекшісі Ж.Балқыбекова қатысты. Студенттердің қатысуымен өткен іс-шарада сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу шаралары кең түсіндірілді. Өз кезегінде білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ойларын ортаға салды.


«Құқықтық сана – құқықтық мәдениет»

28.04.2021ж Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің І курс ер балалар арасында «Құқықтық сана – құқықтық мәдениет» тақырыбында сутденттерге құқықтық білімдерін толықтыру өз құқықтарын өмірде қолдана білуге үйрету мақсатында Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны М.Қ.Жетібаев, полиция капитаны Б.Д.Тойшыбектің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу соңы сұрақ – жауапқа ұласты.


Сыбайлас жемқорлық- індет, оны жою- міндет

29.04.2021ж. «Адал ұрпақ» клубы мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлық- індет, оны жою- міндет» тақырыбында пікірталас өтті. Пікірталас барысында көрсетілген видеороликке байланысты студенттер өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Іс шараның мақсаты: Жастарды сыбайлас жемқорлық індетінің алдын алуға, адал еңбекпен өмір сүруге тәрбиелеу.


Әл-Фараби және қайырымды жастар

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 30.04.2021 жылы колледждің «Парасаттылық мектебінің» жетекшісі  Ж.М. Балқыбекованың ұйымдастыруымен «Әл-Фараби және қайырымды жастар» тақырыбында пікірлесу сағаты өтті. Пікірлесуде жастардың бойына рухани адамгершілік қасиетті ұялату, адамдық асыл қасиеттерді игеру, қайырымдылық, имандылық, шыншылдық  мейірімділік  жайлы сөз қозғалып студенттер өз ойларын ортаға салды.


Тәуелсіздіктің тәтті сыйы! атты челлендж

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының президенті Сапарбекова Ұлмекен Ержанқызы “Тәуелсіздіктің тәтті сыйы!” атты челленджін №14 колледждің Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының президентіне жолдайды


Қасіретті жылдар жаңғырығы

2021 жылдың 28 мамыр күні Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Өнер» бөлімінің 1 курс студенттерінің қатысуымен 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым ету мақсатында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді.
Студенттер Қазақстандағы қуғын –сүргін саясаты, 1937-1938 жылдардағы жаппай репрессиялау салдары, ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры, сол зұлматты жылдардың ауыртпалығы, ұлтымызға жасалған үлкен соққы, тарихымыздың ақтаңдақтары және тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен танысты. Танымдық сағат барысында тақырыпқа байланысты баяндама, монологтар оқылды. Видеоролик көрсетілді.


Жас келсе іске

2021 жылдың 30 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіндегі еріктілер тобының жетекшісі Д. Абишеваның ұйымдастыруымен Казақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аяасында дәстүрлі «Жас келсе іске» акциясы өтті. Акция барысында «1- қазан Халықаралық қарттар күніне» орай қаладағы жалғызілікті қарияларды құттықтап, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, қайрымдылық көмек көрсету. Сол арқылы жастарды қайырымдылық жасауға, үлкенге сый-құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Шара барысында студент жастар қарияларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.