“ПЕДАГОГИКА” БӨЛІМІ

«Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны алғаш рет Жетісай педагогикалық училищесі болып Өзбек ССР Министрлер кеңесінің шешімімен 1965 жылы 20 қыркүйекте ашылды. Арнаулы орта оқу орнының өмірге келуі осы аймақтағы мектептерді білікті педагог мамандармен қамтамасыз ету қажеттілігінен туды. Алғашқы жылы училищеге «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандығы бойынша 120 студент қабылдады. Ал 1971 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы мен толықты.

   Сол жылдардан бері аталған мамандықтар бойынша  мамандар  даярлау ісі  үздіксіз жалғасып келеді.

   Бүгінгі таңда  «Педагогика » бөлімінде 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және  0105000 «Бастауыш білім беру» мамандықтары даярланады.

    Бұл мамандықтарды бітірген түлектерге   0101013  «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» және  0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі беріледі.

      Жас мамандар жалпы  орта білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс жасайды.



Ұлы Абай ” Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан демекші, шәкіртке деген ыстық ықыласы мен жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, жастардың бағындыратын зор асуларына ұстаздардың сіңіретін еңбегі мол.