“МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА” БӨЛІМІ

«Математика және информатика» бөлімі 1998-1999 оқу жылында ашылып, заман талабына сай мамандар даярлау мақсатында студенттер қабылдап мамандар даярлауда.
«Математика және информатика» бөлімін 1998-2008 жылдары Қосаев Ертаза Ерсейітұлы, 2009-2013 жылдары Баймаханова Ләззат Алғибайқызы, 2014-2019 жылдары Мырзақасова Гулия Есімханқызы басқарса, қазіргі таңда Жүсіпбекова Мөлдір Убайдуллақызы басқарып келеді.
«Математика, информатика, физика және техникалық оқыту құралдары» кафедрасы
1695 жылы Жетісай педагогикалық училищесі ашылғанда құрылған. Кафедра негізін ардагер ұстаздар – Ә.М.Мұсабеков, С.С.Төлебеков, Ә.Ж.Жақыпбеков. Е.Б.Бектенов, А.Б.Көшева құраған.
Кафедраны 1998-2004 жылдары Әлбисенова Марал Ибрагимқызы, 2004-2009 жылдары Баймаханова Ләззат Алғибайқызы, 2009-2012 жылдары Әшірбеков Сапарғали Ермекбайұлы, 2012-2014 жылдары Мырзақасова Гулия Есімханқызы, 2014-2019 жылдары Надиров Қасымжан Сайлауұлы, 2019-2020 жылы Сыздықова Бағила Болатқызы басқарса, қазіргі таңдағы «Математика және физика» кафедрасының меңгерушісі – Абсаматова Қарлығаш Әбілдақызы.


Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі “Математика және информатика” бөлімінде ‪0111000‬ «Негізгі орта білім беру» мамандығы, ‪0111063‬ «Математика мұғалімі» біліктілігі және ‪0105000‬ “Бастауыш білім беру” мамандығы, ‪0105023‬ “Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі” біліктілігі бойынша мамандар даярлауда.
Нормативтік оқу мерзімі:
Негізгі орта білім базасы негізінде – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасы негізінде – 2 жыл 10 ай;
Математика мамандығы аналитикалық ойлауға, проблемаларды шешуге және сандық деректермен шешімдерді негіздеуге үйретеді. Бүгінгі таңда қоғамдағы компьютерлік технологиялардың кең таралуына орай, информатика мамандығының көптеген мүмкіндіктері бар.
Бөлімде «Математика және ФИЗИКА» КАФЕДРАСЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ.
Білікті мамандардан құралған кафедрада педагогика ғылымдарының кандидаты, магистрлер және жоғары санатты оқытушылар дәріс береді.
Кәсіптік бағдар беру және мамандықтарды насихаттау мақсатында колледж сайты жұмыс жасайды.
Колледж сайты: www.getgumcoll.kz
Ақпараттандырудың тиімді жұмыс жасайтын механизмдері мынадай әлеуметтік желілерде қалыптасқан:
Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100042221349019
Instagram: https://instagram.com/getgumcoll?igshid=1lhm2giro0x3z
Youtube: https://youtu.be/sFscjLIoHmI