КОЛЛЕДЖ БАҒЫТЫ

Колледждің міндеті мен стратегиялық мақсаттары

Колледж миссиясы:

           Оқу  – тәрбие үдерісінде  педагогикалық тәжірибенің озық үлгілерін пайдалана отырып, өзін – өзі дамытатын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кәсібіне деген құрметін шәкіртіне деген жауапкершілікпен ұштастыратын білімді, жаңашыл  мамандар даярлау.

          Міндетіміз: Еліміздің индустриялды – инновациялық даму сұраныстарынан, жұмысшы еңбек нарығының дамуына үлес қосатын білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау бағытында академиялық дербестікке қол жеткізу.

«Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  2020-2025 жылдарға арналған Даму жоспары -көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылатуға бағытталған, негізгі мақсаттары мен міндеттері белгіленген құжат.

Стратегиялық мақсатымыз:

– мамандарды даярлауды кәсіби деңгейге шығару және мамандарды дайындаудың аккредиттелген бағдарламалары бар таңдаулы колледж құру, білім беру, зерттеу және  нарықтық бәсекеге қабілетті ортада кәсіби бағыттағы оқу орындары арасында алдыңғы орындарға шығу;

–    кәсіби деңгейдегі бәсекеге қабілетті ортада өз елінің мүддесіне бағытталған білікті маман ретінде түлектер дайындау.

Стратегиялық бағыттары:

1 – бағыт. Бәсекеге қабілетті білім беру жүйесі

Мақсат 1.1. Білім беру қызметін жаңарту

Мақсат 1.2. Жоғары санатты, инновациялық және креативті ойлау қабілеті жоғары, белсенді, ізденуші оқытушылар құрамын қалыптастыру

Мақсат 1.3. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету

Мақсат 1.4. Кәсіпорындар және мекемелермен түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс жүргізу

2 – бағыт. Ғылыми және инновациялық қызмет

Мақсат 2.1. Колледждің тиімді ғылыми және инновациялық қызметін дамыту

3 – бағыт. Жастарды адамгершілігі жоғары, рухани және патриоттық рухта тәрбиелеу

Мақсат 3.1. Білім алушылардың адамзаттық және әлеуметтік ұстанымын, белсенділігін, өзін-өзі тануы мен патриотизмін дамыту

Мақсат 3.2. Білім беру процесіндегі субьектілердің түлғалық және физикалық тұрғыдан денсаулығын, интеллектуалдығын, эмоционалдығын рухани жағынан дамыту және сақтау үшін қажетті жағдай жасау

Мақсат 3.3. Студенттік ұжымда шығармашылық, өзара көмек, білім алуға деген саналы қарым-қатынас қалыптастыру, оқу еңбегіне ынталандыру

4 – бағыт. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген дамыған материалдық-техникалық база және инфрақұрылым

Мақсат 4.1. Колледж қызметін цифрландыру

Мақсат 4.2. Колледждің брендін және білім беру бағдарламаларын білім беру нарығында дәріптеу

Мақсат 4.3. Кітапхананың ақпараттық білім беру орталығы ретінде қызмет көрсетуін және білім беру бағдарламалары бойынша оқулықтар қорын қалыптастыру