ЖАС МАМАНДАР МЕКТЕБІ

Жас мамандар мектебі

Колледждің жалпы әдістемелік тақырыбы: Кәсіби білім беруде педагогикалық  тәжірбиенің озық үлгілерін пайдалана отырып, өзін-өзі дамытатын, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, халықаралық стандарттарға негізделген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау

Мақсаты:

  • жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, олардың өзіндік кәсіби өсуіне көмектесу;
  • жас мамандарды  ұжымдық  ортаға бейімдеу;
  • әдістемелік  көмек  көрсету және жеке  шығармашылық  қызметін  қалыптастыру;
  • ZOOM  қосымшасында жас мамандардың сабақтарына қатысу арқылы қашықтықтан білім берудің ерекшеліктерін үйрету және сабақ беру әдісін жетілдіру.

Міндеті:

  1. Жас мамандардың кәсіби дайындық деңгейін анықтау;
  2. Жас маманға өзін-өзі дамытуының оңтайлы жолдарын іздестіру әдістерін ұсыну.
  3. Жоғарғы оқу орындарында алған білімдерін тереңдету және бекіту, практикалық жұмыста пайдалана білуге үйрету.
  4. Жас мамандардың оқу-тәрбие процесіне араласуына әдістемелік көмек көрсету;
  5. Пәнді меңгеру әдістемесінен түйген, алған тәлімін – сабақ беруде оқытудың белсенді әдістерін пайлана  отырып, шығармашылықпен өткізуге үйрету.
МерзіміКүн тәртібіндегі сұрақтарЖауапты орындаушы
Ұйымдастырушылық жұмыс
1қыркүйекЖас мамандар тізімін топтау. Оларға тәлімгерлер бекіту.Кафедра меңгерушілері
2қыркүйекЖас мамандармен колледж дәстүрі туралы онлайн  сұхбат.Кафедра меңгерушілері
Әдістемелік жұмыс
3қыркүйекПлатонус платформасында сабақ жүктеу бойынша әдістемелік вебинарлар ұйымдастыру.Айдарханова Н.Е. тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері
4Жыл бойыҚашықтықтан білім беру жүйесімен таныстыруКолледж әдіскері, тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері
5Жыл бойыЖас мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіріп отыруКолледж әдіскері, тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері
6Жыл бойыБілім беру жүйесіндегі жаңашыл үрдістермен таныстыруКолледж әдіскері, тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері
Педагогикалық шеберлік студиясы
7қыркүйек«Кейс материалдарын  платонус платформасында дұрыс жүктеу» туралы семинарАйдарханова Н. Ақбалаева Л
8Қазан«Тиімді оқыту мен оқудың сипаттамасы» семинарБекет С Жүсіпбекова М
9қараша«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары»  семинарАпбазова З
10желтоқсан«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану» тақырыбында семинарАйдарханова Н Ақбалаева Л
11қаңтар«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақтарды жоспарлау тәжірбиесімен бөлісу» семинарАхметова Г
12ақпан«Заманауи сабақ құрлымы мен тиімділік сипаттамалары» семинарСадыкова С
13наурыз«Бейне сабақ-қысқа оқыту ролигі»  семинарАқбалаева Л
14сәуір«ZOOM  қосымшасындасабақ өту барысында экранға демостарция жасаудың тиімділігі» семинарҚұрметова М
15мамыр«Арнайы пәндерді (модульдерді) CLIL, TBLT әдістемелері» семинарӘбдіғаппар Г
 16маусым«Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану» семинарАйдарханова Н.Е Ақбалаева Л.Т
Педагогикалық маниторинг
17Жыл бойыПедагогикалық бақылау және оқытушылар іс-әрекетінің нәтижелерімен таныстыруАйдарханова Н.Е. Ақбалаева Л Т

Жас мамандардың жетістіктері

Жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында колледжде тәжірибелі оқытушылар қатарынан супервизия (тәлімгерлік) жүйесі жұмыс істейді.

        «Жас маман-2017» облыстық пәндік олимпиадасында математика пәнінің оқытушысы Ұ.Жакупова, тарих пәнінің оқытушысы М.Төлебаева ІІ орынға ие болды.

       “Үздік жас маман – 2018” облыстық пәндік олимпиадасында математика пәнінің оқытушысы А.Айтуғанова І орын, химия пәнінің оқытушысы З.Рузиева, тарих пәнінің оқытушысы Ұ.Донебаев ІІ орынға ие болды.

       «Жас маман-2019» облыстық пәндік олимпиадасында тарих пәнінің оқытушысы А.Әліпбекова І орынға ие болды.

        «Жалынды жастар-2020» облыстық жас манандар форумына әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Б.Әбдіғаппар «Білім беру ұйымдарында тәрбие ісін ұйымдастыру және жүзеге асыру» жобасымен қатысты.

        ««Өзін – өзі тану» пәнінің Үздік педагогы-2020» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтары арасында Республикалық байқауға өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы М.Ертай қатысты