ДУАЛДЫҚ ОҚЫТУ

Дуалдық оқыту жүйесі – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Бұл жүйе бойынша студенттер өндірісте (белгілі мекемеде) еңбек ете жүріп, қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін ғана теориялық оқуға арнайды.

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2020-2021 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданған 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы студенттерін оқытуда дуальдік жүйені енгізді. Сол мақсатта Жетісай қаласындағы ЖК «Тулепова М», «Сырдария» университеті, ЖК «Әсем», ЖК «Балжан», ЖК «Елдос» тігін цехтарымен үш жақты келісім-шарт жасалды. Үшінші жақ есебінде Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Жетісай аудандық филиалымен келісілді.