БӨЛІМ ТЫНЫСЫ

Мамандықтарға жалпы сипаттама
Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі
Оқыту мерзімі: Оқу күндізгі бөлімде мемлекеттік тілде жоспарлы түрде төмендегідей мамандықтар дайындауды жүргізеді. Негізгі орта білім базасында (9-сынып)- 3жыл 10 ай Жалпы білім беру базасында (11-сынып)-2 жыл 10 ай
Тәжірибеден өту орындары: Д.Қонаев атындағы № 9 IT мектеп- лицей, А.Байтұрсынов атындағы № 5 ЖОМ, «Алпамыс батыр» атындағы № 8 ЖОМ , Б.Момышұлы атындағы № 6 мектеп- гимназиясы ,«Майра» бөбекжай-балабақшасы МКҚК, «Алпамыс батыр» бөбекжай-балабақшасы МКҚК, «Қазақ нұры бол» бөбекжай-балабақшасы ЖШС, «Білім патшалығы» бөбекжай-балабақшасы ЖШС, «Зауытбек» бөбекжай-балабақшасы ЖШС
Түлектердің қызмет ететін саласы: Бастауыш пән мұғалімі
Балабақшада тәрбиеші


Студенттердің жетістіктері.

2019 жылдың желтоқсан айының 13-14 жұлдызында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Worldskills Kazakhstan» чемпионатының талаптары негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту » құзыреттілігі бойынша колледж ішілік іріктеу байқауы өткізілді.Нәтижеде МДТБ 17-1 тобының студенті Жансая Оспан облыстық «WorldSklls Kazakhstan» ұлттық чемпионатқа жолдама алып,облыстық чемпионатта «Әлемдік медальон» иегері атанды.
2019 жылдың 17-18 қаңтар күндері Түркістан облысының білім басқармасы мен әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «WorldSklls Kazakhstan» чемпионатының талаптары негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту » құзыреттілігі бойынша өткізілген «Үздік тәрбиеші-2019» байқауында студент Қыдыр Айдана II орын иеленіп,жетекшісі Апбазова Зейнеп марапатталды. Байқау болашақ мамандардың құзыреттілігін дамытып, қызметке бейімдеу, кәсіби біліктіліктерін арттыру, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзыреттіліктерін нығайту, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу, болашақ мамандардың шығармашылық ізденістері мен қабілеттілігін дамыту, жұмыс берушілерді өзара ынтымақтастыққа тарту, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу, қызмет көрсету саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру,
кадрлар дайындауда жаңа заманауи бағыттарды анықтауға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды. «WorldSklls Turkistan 2019» облыстық чемпионатына біздің колледжімізден «Мектепке дейігі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алушы Қожан Диана қатысып, ІІІ орын иеленді.


Жалпы мәліметтер

Оқу орнында 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша студенттер білім алуда.
0105000 «Бастауыш білім беру» , 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша мамандар дайындауға колледжде материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Ақпараттық технологиямен қамтылған оқу кабинеттер, компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, лингафон кабинеттері, оқу-лабораториялық сыныптар, химия, биология, физика, арнайы оқу кабинеттер бар.


«Педагогика» бөлімі

Болашақ мамандарға заманауи кәсіби білім беру
Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтары, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде кәсіби қалыптасуын бағыттай отырып, сапалы білім алуына жағдай жасау.
Қазіргі таңда оқу орнымыздың педагогика бөлімінде төменде көрсетілген мамандықтарға сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша студенттер білім алуда.