“БАҒДАРЛАМАЛАУ” БӨЛІМІ

«Математика және информатика» бөлімінің құрамында болған 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына 2011 жылы 100 студент, 0104000 «Кәсіптік білім беру» мамандығына 2013 жылы 75 студент қабылданды. Аталған мамандықтардың жоғары сұранысқа ие болып, талапкерлер санының артуына байланысты 2019-2020 оқу жылында «Бағдарламалау» бөлімі құрылды.
Бөлімде бағдарламаларды әзірлеуге және сүйемелдеуге, техникалық құралдарды орнатуды және жөндеуді жүзеге асыруға, ғылымның, техниканың, экономика мен өндірістің әртүрлі салаларында деректер базасын және Web-сайттарды құруға қабілетті техник-бағдарламашылар дайындалады.
Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Бұл мамандықтар түрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді және желілік технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлемелерінің заманауи әдістемелерін еркін меңгергісі келетіндерге, бағдарламалауды жақсы көретіндерге арналған.
«Бағдарламалау» бөлімінде 17 оқытушы жұмыс істейді, барлығы жоғары білімді, оның ішінде 4 оқытушы жоғары санатты және 4 оқытушының магистр ғылыми дәрежесі бар. Оқытушыларымыз ғылыми-зерттеу қызметін белсенді атқарады, ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысады.
«Бағдарламалау» бөлімінің түлектері IT мамандары, инженер-бағдарламашы, деректер базасының әзірлеушілері және әкімшілері, басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің инженері, Web-әкімшілері, дизайнерлер немесе бағдарламашылар мамандары болып қызмет істейді.
Оқу барысында студенттер теориялық және тәжірибелік дағдыларды алады.
Білім алушылар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы курстық және дипломдық жобаларды қорғайды. 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 0104000 «Кәсіптік білім беру» мамандықтарының зертханалары, қолданбалы бағдарламалар пакеттері бар компьютерлік техникамен жабдықталған.
Компьютер сыныптары, мультимедия және лингафон кабинеттері интернет желісімен жабдықталған.
Колледжде 6 компьютерлік кабинет бағдарламаларымен қамтамасыз етілген:
Microsoft Office 2010, 2013, Microsoft Visual Studio 2008, 2010, Borland Delphi 7, Adobe Creative Suite 5.5, 6, Adobe Captivate, Веб-сервер Apache, FTP-сервер Filezilla Server, FTP-клиент Filezilla, Cisco Packet Tracer желілерінің симуляторы, Oracle Virtualbox виртуалды машиналар және VMWare Workstation, 3D Max Studio және т.б.
Оқу сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, жобалық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы және белсенді оқыту технологияларын қолданылады, «Оn-line» оқыту Platonus платформасы арқылы жүзеге асырылып келеді.
Сондай-ақ, бөлімнің білім алушылары көрмелерге, байқауларға, конференцияларға, басқа пәндердің оқытушылары жүргізетін олимпиадаларға белсенді қатысады.

Мамандығы: 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 1304012 Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы
1304043 Техник-бағдарламашы
1304063 Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник

Мамандығы: 0104000 Кәсіптік білім беру (салалары бойынша)
Біліктілігі: 0104013 Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық аталымдар бойынша)
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту тілі: қазақ тілінде
Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай;
11 сынып негізінде- 2 жыл 10 ай.